Спорт • 19 Мамыр, 2021

ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншылар

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Спорт-Экспресс» басылымы Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ең көп жалақы алатын ойыншылардың тізімін жария етті. Бұл ретте олардың ешқандай бонустар мен сыйақысыз тек таза еңбекақылары ғана есепке алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншылар

Ең көп жалақы алатындар көшін Мәскеудің «Динамосы» мен Чехия құрама командасының шабуылшысы Дмитрий Яшкин бастап тұр. Оның жалақысы 115 миллион рубль шамасында. Екінші орында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц. Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының капитаны 100 миллион рубль алады.

Сондай-ақ «ТОП-10» ойыншының қатарында Вадим Шипачев («Динамо» Мәскеу, 95 млн), Теему Хартикайнен («Салават Юлаев» Уфа, 90 млн), Филип Ларсен («Салават Юлаев» Уфа, 80 млн), Юха Метсола («Салават Юлаев» Уфа, 80 млн), Алексей Марченко («Локомотив» Ярославль, 75 млн), Андре Петерсон («Локомотив» Ярославль, 75 млн), Сергей Плотников («Автомобилист» Магнитогорск, 75 млн) және Владимир Ткачев («Трактор» Челябі, 75 млн) сынды саңлақтар еніп отыр.