Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Шымкент қаласының әкімі алма бағы мен картоп егістігін аралады

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы «Керемет - сапа» ЖШС-нің интенсивті алма бағы және картоп егістігі шаруашылығын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының әкімі алма бағы мен картоп егістігін аралады

Жеке шаруашылық 14 га жерге бау-бақша жемістерін және 10 га жерге картоп егеді. Өткен жылы 30 тонна алма және 400 тонна картоп жинап, қаладағы сауда нүктелеріне таратқан. 

Қалада тұтыну стандарттарына сәйкес, картоп өнімдеріне қажеттілік  – 102,5 мың тонна. Өндірілетіні – 4,9 мың тонна немесе қажеттілік 4,8 % ғана қамтамасыз етілуде.

а

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер картоп егістігі көлемін арттыруды, картоп өніміне деген қажеттілікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35