Аймақтар • 11 Мамыр, 2021

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі

«Иә, бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы ТЖ жариялайды», деді Талғат Уәли журналистердің сауалына.

Ол сондай-ақ Риддерде өрт толығымен ауыздықталғанын хабарлады.

«Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», деді министрліктің ресми өкілі.