Оқиға • 11 Мамыр, 2021

Елордада тұрғын үй паркингінен өрт шықты

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жерасты тұрақта өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада тұрғын үй паркингінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сағат 22.20-да Тәуелсіздік даңғылы бойындағы «Жанұя» ТК-де болғанын жеткізді.

«Жанұя»ТК паркингінде «Ларгус» маркалы автокөлік өртенді, сондай-ақ жақын маңда тұрған Toyota маркалы автомобильдің алдыңғы бампері ыстықтан зардап шекті. Өрт 22.36-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деді ТЖД өкілдері.