Аймақтар • 08 Мамыр, 2021

Тараз қаласында 20 соғыс ардагері бар

663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары сиреп келеді. 

Тараз қаласында 20 соғыс ардагері бар

Кешегі күннің тірі куәгері, өткен шақтың шынайы шежіресі болған азаматтардың жүріп өткен жолы жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда да айтарлықтай маңызға ие. Бүгінгі таңда Тараз қаласында 20 майдангер бар. Қазыналы қарттарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасымды.

Биыл Ұлы Жеңістің 76 жылдығы. Қанқасап қырғында туған жерін қызғыштай қорғаған ардагерлердің құрметіне, ұлы мереке қарсаңында қала көлемінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында «Темірқазық» және «Жалын» волонтерлық қозғалысының еріктілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тұрғылықты мекен-жайларына барып, олардың үй-жайын жинастыру, әктеу, жер қопару, аулаларын қоқыстан тазарту жұмыстарын атқарды. Қарт майдангерлер де жастарға ақ батасын беріп, енді соғыс атты зобалаңның қайталанбауын тіледі.

 

Жамбыл облысы