05 Мамыр, 2021

Елімізде жыл сайын 4 мың табиғи өрт болады

1083 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жауын-шашынның нормадан төмен болуы өрт қауіпінің деңгейін арттырады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жыл сайын 4 мың табиғи өрт болады

«Жыл сайын елімізде шамамен 4 мың табиғи өрт болады. Оның ішінде орман өрті – 500, дала өрті – 3 500. Өрттің ауданы көбіне 180 мың гектардан асады, залал 200 миллион теңгені құрайды», дейді Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, екінші тоқсанда ауа райы +25ºС-қа, ал оңтүстік өңірлерде +30ºС-қа дейін ыстық болады.

«Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады, бұл өрт қауіпінің деңгейін жоғарылатады. Заңнамаға сәйкес дала өрттерін сөндіру әкімдіктердің құзыретіне кіреді, ал орман өрттерін жою – жергілікті биліктің және Экология министрлігінің табиғатты қорғау мекемелерінің өзара жауапкершілігі аймағына берілген», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50

Жиһаз өндірісі өрге басты

Өндіріс • Бүгін, 09:20

Наурызнама нақышы

Наурызнама • Бүгін, 09:00

Амал мерекесінің айшығы

Мереке • Бүгін, 08:55

«Mangitas» деректен шашау шығармайды

Технология • Бүгін, 08:45