Аймақтар • 04 Мамыр, 2021

Елордада грек-римнен халықаралық турнир өтеді

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-9 мамыр күндері грек-рим күрсінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада грек-римнен халықаралық турнир өтеді

2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей,Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен екі жүз елуден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерлерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025