Футбол • 03 Мамыр, 2021

Тартысқа толы тоғызыншы тур

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан чемпионатының тоғызыншы тур ойындары Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Петропавловск, Шымкент, Орал және Нұр-Сұлтан қалаларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Тартысқа толы тоғызыншы тур

Көш басындағы «Астана» сырт алаңда «Ақтөбеден» айласын асырды – 2:0. Бұл кездесудегі екі доп та бірінші таймда соғылды. Ол голдардың авторлары – Марин Томасов пен Валерий Чуперка.

«Атырау» өз алаңында «Каспийді» қапы қалдырды – 2:1. Қостанайда «Тобыл» «Тараздың» қақпасына жауапсыз үш доп салды – 3:0.

Келесі күн алғашқы болып «Қызылжар» мен «Қайрат» жасыл алаңға шықты. 28-минутта Денис Поляков нысананы дәл көздеп, алматылықтарды алға шығарды. Бірақ «Қызылжардың» ойыншылары дп қарап қалмады. 75-минутта Әлібек Қасым таразы басын теңестерді.

Шымкентте «Ордабасы» мен «Тұран» шеберлік байқасты. Бұл матчта қонақтардың мерейі үстем болды. 30-минутта соғылған жалғыз доптың авторы Темірлан Әміров.

Аса шиеленісті ойын Оралда өтті. «Ақжайықтың» сұрмерегені Николай Ковталюктің жет-тригіне «Жетісудың» жігіттері екі голмен ғана жауап қайыра алды – 3:2.

«Шахтер» мен «Қайсар» арасындағы «Астана-Аренада» өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Жарыс кестесінде «Астана» жеке-дара көш бастап тұр. Елордалық клубтың қоржынында 23 ұпай бар. Екінші орындағы «Тобылдың» олардан төрт ұпайы кем. Үшінші сатыға жайғасқан «Тараздың» еншісінде 17 ұпай бар.

Соңғы жаңалықтар

Алматыға кіру ақылы бола ма?

Аймақтар • Бүгін, 11:34