Экономика • 01 Мамыр, 2021

Депозиттер бойынша маусым айындағы сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың маусым айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды, Egemen.kz

Депозиттер бойынша маусым айындағы сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша максималды төлемдердің мөлшері Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне тікелей тәуелді. Ал 2021 жылдың сәуірінде базалық мөлшерлеме 9,0% деңгейінде сақталды. Сондықтан мұндай депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер маусым айында өзгермейді. 12 және 24 айлық мерзімді депозиттер нарығында қандай да бір белсенділік болмағандықтан, олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде сақталды. Ал Салымшылар үшін ең тартымды салымдар жинақ салымдар болып қалуда. Өйткені олар бойынша табыстылық жоғары деңгейде. Солардың ішінде ең танымалы – 1 жылға арналған жинақ салымдар. Сол себептен, олар бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталды. Алайда нарықта 24 айлық жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу сипаты сақталуына байланысты бұл салымдар бойынша мөлшерлемелер шамалы азайды.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025