Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Петропавлда әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өкілдері Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысын пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавлда әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мәлімдемесі бойынша, Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы күзет агенттігі директорының бірінен 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бөлім басшысы бұл соманы мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес мемлекеттік мекемелердің бірін күзету бойынша орындалған жұмыстардың кедергісіз өткені үшін алған.

Мамандардың айтуы бойынша, сотқа дейінгі тексерудің мән-жайы тергеу барысында жария етілмейді. Күдіктілерге қатысты шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот төрелігін айтады.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025