Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Қызылордада жоғалған 6 жасар баланың денесі табылды

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды. Әлтаирды екі күн бойы полицейлер, Ұлттық гвардия сарбаздары, ТЖД өкілдері және еріктілер іздестірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада жоғалған 6 жасар баланың денесі табылды

Баланың денесі 29 сәуір күні таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан табылған.

«Қажетті сот-медициналық сараптамалары тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды. Тергеу басталды, барлық тергеу әрекеттері менің құзырымда болады. Кішкентай Әлтаирдың ата-анасы мен туыс-туғандарына көңіл айтамын», деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

Еске салайық, 27 сәуір күні Қызылордада алты жасар баланың жоғалып кеткендігі туралы хабарланған болатын. Ол серуенге шығып, үйіне қайтып оралмаған.

 

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025