Оқиға • 28 Сәуір, 2021

СҚО-да жоғалған құжаттарға несие рәсімдеген күдікті ұсталды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жеке куәліктердің суреті бойынша 50 шақты онлайн несие рәсімдеді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz

СҚО-да жоғалған құжаттарға несие рәсімдеген күдікті ұсталды

ASTANA TV телеарнасының мәліметінше, ер адам құжаттардың суретін әлеуметтік желілерден тапқан, ғаламтордағы құжаты жоғалған адамдардың хабарламаларын көріп, құжат суреттерін өзіне сақтап алып отырған. Біраз уақыттан кейін жәбірленушілер атында несиесі бар екенін және төлемді кешіктіргені туралы банктен хабарласқандығын айтқан.

«Мен несиеге жиһаз алғым келген, алайда банк өтінішімді қанағаттандырмады. Несие тарихымның жақсы екенін білетінмін, ал банк менеджері менің атымда төленбеген несие барын айтты. Оны өзім де тексеріп көрдім, расымен де кешіктірілген несием бар екен. Бірақ мен оны алған жоқпын», деді Петропавл қаласының Саят есімді тұрғыны.

Алаяқтық жасаған күдікті ер адам ұсталды, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Табылған жеке куәліктерді Халыққа қызмет көрсету орталығына әкелу қажет. Біз оларды деректер базасына енгіземіз және жоямыз, құжат сол сәттен бастап жарамсыз болып табылады», деді СҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Динара Айтқожина.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше