Мысалы, Сайрам ауданында жергілікті кәсіпкер Өмірхан Оразымбетовтің бизнестегі бағытын өзгертуге пандемия себепші болды.
Өткен жылы тойхана салған кәсіпкердің ғимараты бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жиын-той өткізуге шектеулер қойылған соң, бос тұрған-ды. Енді тойхана заман талабына сай спорт кешені ретінде жасақталып, тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Қазір «Достық» спорт кешенінде 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулиды. Екінші қабатында ересектерге арналған зал бар.
Сайрам ауданының спорт бөлімі мамандарының мәліметінше, салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл жастары бос уақытын осында өткізеді.