Кино • 19 Сәуір, 2021

Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Energyprom.kz зерттеуі бойынша 2021 жылы наурызда кинотеатр билеттерінің құны 1,5 мың теңге болса, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға қымбат, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады

Пандемия басталғалы бері елімізде кинотеатрға барушылардың легі азайып, біршама өнер туындылары жарыққа шықпай қалған еді. Десе де, бір кезеңде эпидемиялық ахуал тұрақталып, қалың көрермен тиісті санитарлық талаптарға сәйкес отырғызылатын болды.

Сарапшылар ең қымбат билеттер Шымкентте (2,6 мың теңге), Атырауда (2,5 мың теңге) және Ақтөбеде (2,1 мың теңге) екенін айтты.

Ең арзан билеттерді Түркістан қаласының тұрғындары сатып ала алады (800 теңге). Билеттердің бағасы бір жыл ішінде тек Қостанайда (3,5%, 1,3 мың теңгеге дейін) және Семейде (2,7%, 1,1 мың теңгеге дейін) төмендеген.

Өкінішке қарай, өнердің бұл саласы айтарлықтай дағдарысқа ұшырады. Себебі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында кино және видеоөндіріс және дыбыс жазу саласында тек 41 млрд теңгеге қызметтер көрсетілді.  Бұл былтырғы жылмен салыстырмалы түрде алғарда 37,4 пайызға аз.

Осы орайда киногерлер отандық прокат үшін індеттің белең алуы қатты соққы болғанын айтады. Бүгінде елімізде жалпы түсірілімдер саны 52,1%-ға түсіп кеткен.

Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының мәліметтері бойынша кинотеатрлардың орташа толу сыйымдылығы бүгінде 10 пайызға әрең жетіп отыр.