Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

Алматыдағы сауда үйінің маңындағы жол апатына қатысты сот сараптамасы шықты

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша жүріп жатыр. Алматы прокуратурасы ресми сауалымызға жауапта сараптама қорытындысының нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы сауда үйінің маңындағы жол апатына қатысты сот сараптамасы шықты

«Сотқа дейінгі тергеу аясында іс бойынша бірқатар сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, автобус жүргізушісінің қанында ішімдік және есірткі заттары табылған жоқ. Жол-көлік оқиғасы себебін және автобустың техникалық жағдайын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды», деді прокуратура қызметкері.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, 27 ақпанда Алматы полиция департаменті ірі жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтқан еді. Ведомство мәліметіне сүйенсек, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, Hyundai Elantra автокөлігіне соқтығысқан. Одан әрі инерция бойынша Сейфуллин даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолына шығып, бағдаршам мен жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Кейін автобус Volkswagen Polo маркалы автокөлігімен соқтығысып, сауда орталығы тұрағының кіреберісінде тоқтады.