 
                                        Светлана Дүмбайқызы 1967 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. 1988 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1988 жылы Жетібай ауылында №8 орта мектептің физика пәні мұғалімі болып бастаған.
Кейінгі жылдары Ақтау қаласының №24 мектебінде, экономикалық лицейде физика пәнінің мұғалімі, экономикалық лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, экономикалық лицейдің директоры қызметтерін атқарды.
2014 жылдан осы уақытқа дейін Ақтау қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымында болды.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                