Қоғам • 31 Наурыз, 2021

Атырауда 24 жастағы жігіт 1 келі синтектикалық есірткімен ұсталды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 24 жастағы жігіт 1 келі синтектикалық есірткімен ұстады.

Атырауда 24 жастағы жігіт 1 келі синтектикалық есірткімен ұсталды

«Жедел-іздестіру іс-шара кезінде ұсталған азаматтың Атырау қаласындағы Гайдар көшесіндегі пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1 килограмм синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды» деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.