Спорт • 05 Наурыз, 2021

Әлем чемпионаты Алматыда өтеді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыздың 9-ы мен 11-і күндері Ала­тау бөктеріндегі «Шымбұлақ» тау шаң­ғы курортында елімізде тұңғыш рет фристайл-могул мен фристайл-акро­батикадан әлем чемпионатының жалауы желбірейді.

Әлем чемпионаты Алматыда өтеді

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпия ойындары рейтингтік ұпай жинау үшін берілген үлкен мүмкіндік. Алғаш 8-9 наурыз күндері өтетін әлемдік додада фристайл-могул бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Бұл сында ел намысын ерлерден Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Антон Бондарев және Сергей Романов қорғаса, әйелдер бәсе­ке­­сінде Юлия Галышева, Аяулым Әміре­нова, Олеся Граур және Анастасия Городко сынға түседі.

Ал 10-11 наурыз күндері фристайл-акробатика бойынша өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасынан жуырда ғана АҚШ-тағы North American Cup турнирінде топ жарған Шерзод Хаширбаевтан бөлек, Роман Иванов, Ильдар Батрудинов, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Аяна Жолдас өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Экологиялық акцияға қатысты

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:03

Таза орта қалыптастырудың маңызы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:00

Қылмыс деңгейі екі есе төмендеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:57

Арқалық көркейіп келеді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:55

Білім жүйесіндегі бетбұрыс

Білім • Бүгін, 08:53