Қоғам • 23 Ақпан, 2021

ІІМ учаскелік пункттер мен стационарлық полиция бекеттері желісін көбейтуде

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ учаскелік пункттер мен стационарлық полиция бекеттері желісін көбейтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ учаскелік пункттер мен стационарлық полиция бекеттері желісін көбейтуде

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Полиция департаментінің бірқатар нысанын аралады. Олардың қатарында Ақтөбе қаласының ең жанданған орындарының бірі – Орталық даңғылдағы спорт сарайы ауданында орналасқан модульдік стационарлық бекет бар. Онда полицейлердің қызмет атқаруына және азаматтарды тәулік бойы қабылдауға қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Министр халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың полицияны қолдауын жоғары бағалады.

Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша қазіргі заманғы стационарлық полиция бекеттері неғұрлым криминогенді учаскелерде орнатылуда. Ақтөбеде осындай бес бекет бар.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тапсырғандай, сервистік модельдің негізгі элементі “жұрқа жақын полиция” болуы тиіс. Осы қағидатты іс жүзінде іске асыра отырып, біз қоғамдық орындарда құқық тәртібі органдарының тұрақты болуына қол жеткіземіз. Азаматтар өздерін қауіпсіз сезініп, полицияға жүгіну кезінде ешқандай проблема болмауы керек. Бүгіннің өзінде біз нәтижелерді көріп отырмыз – стационарлық бекеттер орнатылған жерлерде құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай азайды, – деп атап өтті ведомство басшысы.