Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

Ақтауда көлік тұрағында той өткізгендер анықталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда көлік тұрағында той өткізгендер анықталды

21 ақпанда Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «Той на парковке» деген тақырыппен жарияланған бейнежазбаны анықтады.

Тексеру барысында беташар тойдың 35-шағын ауданда орналасқан «Сабыр» тұрғын үй кешенінің тұрағында ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Учаскелік инспекторлар тойдың барлық қатысушыларын анықтады. Жинақталған материалдар шара қабылдау үшін мүдделі органға жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025