Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Атырауда үшінші қабатта айқайлап жүрген адам ұсталды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда полиция қызметкерлері салынып жатқан құрылыс нысанының үшінші қабатында жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда үшінші қабатта айқайлап жүрген адам ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102 операторына 16 ақпанда сағат 15:17 шамасында ер адамның 3-ші қабатта айқайлап тұрғаны туралы хабарлапты.

«Мақат ауданының 39 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында салынып жатқан құрылыс нысанының 3-ші қабатына шығып кеткен. Ол наркологиялық сараптамадан өткізілді. Нәтижесінде оның спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.