Футбол • 17 Ақпан, 2021

«Барселона» өз алаңында ірі есеппен ұтылды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңіндегі екі матч өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барселона» өз алаңында ірі есеппен ұтылды

«Барселона» өз алаңында франциялық «ПСЖ-ны» қабылдап, 1:4 есебімен ұтылды. Париждіктер сапынан Киллиан Мбаппе хет-трик авторы атанды. Тағы бір голды Мойзе Кен өз атына жазды. «Барселонадан» жалғыз допты Лионель Месси қарсылас қақпасына пенальтиден соқты. 

Будапештте неміс командасы «Лейпциг» пен Англия чемпионы «Ливерпуль» кездесті. Ағылшындар екінші таймның басында Мохамед Салах және Садио Маненің арқасында екі гол соғып, сенімді жеңіске жетті. 

Қарымта ойындар 10 наурызда өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024