Қоғам • 16 Ақпан, 2021

Омыртқа хирургиясы саласындағы танымал дәрігер елордалық нейрохирургтарға шеберлік сыныбын өткізеді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның омыртқа хирургиясы клиникасының басшысы, профессор Рудольф Бертаньоли Көпбейінді қалалық ауруханалардың дәрігерлеріне өз тәжірибесін бөлісу үшін Нұр-Сұлтанға арнайы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Омыртқа хирургиясы саласындағы танымал дәрігер елордалық нейрохирургтарға шеберлік сыныбын өткізеді

Рудольф Бертаньоли елордалық дәрігерлер үшін «Жұлын нейрохирургиясының өзекті мәселелері» тақырыбында бес күндік шеберлік сабағын өткізеді.

Бағдарламада омыртқа мен жұлынның нейрохирургиялық ауруларының негізгі аспектілерін, этиологиясы мен патогенезін егжей-тегжейлі ашып, тыңдаушыларды жұлын нейрохирургиясының ерекшеліктерімен таныстырады.

Бүгін әлемге әйгілі дәрігер мойын омыртқасында жарықшасы бар науқасқа жасалатын ота кезінде нейрохирургтарға кеңес береді.

«Германиядан келген қонағымыздың сапарының мақсаты – жұлын нейрохирургиясы саласындағы кәсібилікті жетілдіру. Жылдар бойы жинаған білімін бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз», - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Профессор Рудольф Бертаньоли омыртқа операцияларының түрлі классикалық техникасын меңгерген. Сонымен қатар, операция жасауда өз техникасын ойлап шығарған.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25