
Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі Президенттің тапсырмасы аясында «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, оны «Ашық НҚА» порталына жариялады.
Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн бойына өткізу жоспарланғаны көрсетілген.
Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады:
14 наурыз – «Көрісу күні»
15 наурыз – «Жайлау күні»
16 наурыз – «Шежіре күні»
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
18 наурыз – «Игі істер күні»
19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»
20 наурыз – «Зияткерлік күні»
21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
23 наурыз – «Жоралғы күні»
Сондай-ақ тұжырымдамада одан күтілетін нәтижелер де баса көрсетілген:
1) отбасыны және қоғамды ұйыстыратын құндылықтар нығаяды;
2) экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру деңгейі артады;
3) қайырымдылық пен меценаттықтың мәдениеті қалыптасады. Жаппай санада оларды нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі;
4) ұлттық бірегейлікті нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсету бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізіледі;
5) Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі күшейтіледі, жалпы қазақстандық құндылықтар, эволюциялық даму мәдениеті қалыптасады және нығаяды.