Қазақстан • 15 Ақпан, 2021

Еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 15 ақпан күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтау, Алматы, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.