Елорда • 14 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтан әкімі жаңа спорт кешендерінің маңызын айтты

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы спорт нысандарының маңызы жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтан әкімі жаңа спорт кешендерінің маңызын айтты

«Жаңа спорт кешендері спортпен шұғылдануға баулып қана қоймай, спорт түрлерінің дамуын жаңа сапалық деңгейге шығаруға, қалалықтардың бос уақытын спортқа арнауға мүмкіндік береді!

Қазақстан теннис Федерациясы 2019 жылдың күзінде жаңа "Дәулет" теннис орталығының жұмысымен таныстырған. Бұл спорт мекемесі былтырдың өзінде қосымша – 340-тан астам баланы оқуға алуға мүмкіндік берді. Бұл бұрынғыға қарағанда 40% көп. Осылайша, қазір шамамен 1 мыңдай бала тенниспен айналысады.

Жаңа спорт кешеніне 8 жабық және 5 ашық корт, жаттығу залдары, теориялық сабақтарға арналған әдістемелік залдар, тамақтану аймағы және т. б. бар.

Барлық халықаралық талаптарға сай келетін осындай спорт мекемелерінің ашылуының арқасында еліміздің спортында жұлдызды жаңа есімдер пайда болатынына сенімдімін! Спорт кешендері – жаңадан бастап келе жатқан спортшыларымызға – трамплин, ал қалалықтар үшін – пайдалы демалыс орны.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасауға жұмыс істейміз, балалар-жасөспірімдер спорты мен федерацияларды қолдаймыз, қолданыстағы спорт нысандарын жөндейміз», дейді қала әкімі.