Саясат • 10 Ақпан, 2021

Қазақстан Азия даму банкімен ынтымақтастықты жалғастыруда

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңадан тағайындалған Азия даму банкінің (АДБ) Елдік директоры Нариман Маннапбековті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Азия даму банкімен ынтымақтастықты жалғастыруда

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбаттасын Үкіметтің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде COVID-19 пандемиясының салдарын еңсеру аясындағы ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.

АДБ өкілі ҚР Президенті жүргізіп отырған елдің қарқынды дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен АДБ-ның денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, шағын және орта бизнесті қолдау және басқа да экономиканың басым секторларындағы ынтымақтастығының әлеуеттерін талқылады.

Кездесу нәтижесі бойынша тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара әрекеттесуді жалғастыруға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025