![Қырғызстан басшысы: Елде премьер-министр қызметі болмайды](/media/2021/02/04/1580060935_0_97_2920_1741_1920x0_80_0_0_21afc44f7800a8dd38e6f47588d7ca0f.jpg)
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің Telegram арнасында: «Осы уақытта жаңа Конституция мен жаңа заңдар қабылданады. Жаңа Конституцияны қабылдау аясында жаңа реформалар, өзгерістер болады, тек заң негізінде тексерілген жаңа кәсіби кадрлар ғана келеді», деп жазды.
Ол сондай-ақ бір-бірінің қызметін қайталайтын министрліктердің таратылатынын хабарлады. Мемлекет басшысы бұл оқиғаға дейін кем дегенде 6 ай бар екенін, ал бұған дейін үкіметтің жұмыс істейтінін жазды.
Садыр Жапаровтың аталған міндеттерді іске асыруға уақыт қажет екенін айтып өтті.