Қоғам • 01 Ақпан, 2021

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-5 ақпан аралығында Ақтөбе облысы аумағында “Мигрант” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылады

Аталған іс-шараның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу.

Сондай-ақ елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтау жұмыстары ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2020 жылдың 12 айында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 1419 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 730 шетелдік, 689-ы ҚР азаматтары.

Соңғы жаңалықтар

Рекордшы тотықұс

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Алатаудың ажары

Талбесік • Бүгін, 08:17

Кемедегі өмір

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Өрісті өнеге қалдырған

Тағзым • Бүгін, 08:10