Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Атырауда 9 млн теңге айыппұл төлемеген жүргізушілер анықталды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда 9 млн теңге айыппұл төлемеген жүргізушілер анықталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жыл басынан бері 160-ға жуық жүргізушінің 9 млн теңге айыппұлын төлемегені белгілі болды. Жүргізешілердің бәрі шетелден әкелінген көліктерді «тізгіндепті». Оның ішінде бір көлік Әзербайжанда, бесеуі Қырғызстанда тіркеліпті. Сондай-ақ 19 автокөлік Арменияда, қалғаны Ресейде есепке алыныпты.

«Мәселен, 28 қаңтарда Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген айыппұлы бар Ресей, Армения, Қырғызстан елдерінен әкелінген 12 автокөлікті анықтады. Екі көліктің жүргізушісі 36 254 теңгелік айыппұлды тоқтатылған сәтте төледі. Ал, иелерінің төлемеген айыппұлы 395 870 теңгеге жеткен 10 автокөлік арнайы тұраққа жеткізілді», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.