Хоккей • 20 Қаңтар, 2021

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында Финляндияның «Йокеритін» ұтты

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бапкерлер құрамы өткен ойындағы командамен салыстырғанда бір ғана өзгеріс енгізген. Атап айтқанда, Джесси Блейкерді екінші жұпта Самат Даниярмен алмастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында Финляндияның «Йокеритін» ұтты

«Барыс» бірінші кезеңде алғашқы болып есеп ашты. Ойындағы алғашқы үзіліске шығуға 2 минут қалғанда «Барыс» хоккейшісі Фил Вароне мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде командамыздың есепті еселейтін, қарсыластар үшін теңестіретін де мүмкіндік көп болды. Десе де таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Қарсыластар үшінші кезеңде ғана таразы басын теңестіре алды. Бұл жолы 42-минутта финляндиялық хоккейші Алекс Грант соққан шайбы «Барыс» клубының қақпасынан табылды.  Ал 51-минутта «Барыс» сапынан Кёртис Валк өз командасын алға шығарды. Арада 5 минут өтпей жатып тағы бір мәрте гол соқты. «Барыс» сапынан 59-минутта Антон Сагадеев қорытынды есепті белгіледі. Есеп 4:1. «Барыс» клуб жеңіске жетті. 

Айта кетейік, 21 қаңтарда елордалық клуб сырт айдында Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасымен ойнайды.