Оқиға • 13 Қаңтар, 2021

Қазақстандық хакер 164 млрд теңге шығын келтірмек болды

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық хакер 2020 жылдың мамыр айында Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуыл жасады. Осыған орай оған бірқатар айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК сілтеме жасап.

Қазақстандық хакер 164 млрд теңге шығын келтірмек болды

Ол мемлекетке жалпы сомасы 164 миллиард теңге шығын келтірген. Осыған орай билік 7901 мемлекеттік сатып алуды ауыстыруға мәжбүр болған.

Күдіктінің кінәсі толығымен мойындалды. Сондай-ақ тергеу барысында одан қылмыс жасауға қатысты құралдарды тәркілеп алды.

«2020 жылы 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушыға ҚР ҚК 207-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу» бойынша кінәлі деп танылды», делінген хабарламада.

Бұдан өзге, ол 3 жыл мерзімге электронды мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырылды және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Әзірге үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025