Руханият • 30 Желтоқсан, 2020

Джакартада Абай атындағы қазақ әдебиетінің жинағы ашылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джакартада Абай атындағы қазақ әдебиетінің жинағы ашылды,деп хабарлайды Egemen.kz

Джакартада Абай атындағы қазақ әдебиетінің жинағы ашылды

Қазақстанның Елшісі Данияр Сарекенов және Индонезия Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Воро Харианти Индонезия Ұлттық кітапханасының ғимаратында Абай Құнанбайұлы атындағы қазақ әдебиетінің жинағын салтанатты түрде ашты.

Іс-шара ұлы қазақ философы мен ағартушысының 175 жылдық мерейтойына орай өтті.

Жинақ үшін танымал балилық ағаш кесуші Вайан Мудан Абайдың бюстін жасаған.

Бұл жолғы жинақтың ерекшелігі – алғаш рет Абайдың ең маңызды шығармаларының бірі «Қара сөздері» индонезиялық тілге аударылды.

В. Харианти қазақ әдебиеті жинағының ашылуымен және Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуымен құттықтап, Абайдың есімі бүкіл әлемге оның дана сөздері мен рухани мұрасының арқасында белгілі екенін атап өтті. Оның пікірінше, Абай атындағы Қазақ коллекциясы, сондай-ақ «Қара сөздердің» аудармасы индонезиялық оқырмандарға қазақ халқының мәдениетімен жақынырақ танысуға және әлемнің әдемі елдерінің бірі – Қазақстан туралы көбірек білуге көмектеседі деді.

Тараптар ұлттық кітапханалар желісі бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ мәдени байланыстарды нығайтуға келісті.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше