
Қазақстан аумағында атмосфералық процестердің жылдам ауысуы болжанып отыр.
Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігінде қардың мол түсуіне, бұрқасын соғып, желдің күшеюіне және ауа температурасының қысқа мерзімді көтерілуіне әкеледі. Алайда 30 желтоқсанда циклонның артынан Арктика аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі күтіледі.
Соның нәтижесінде жауын-шашын біртіндеп тоқтайды, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Солтүстікте түнгі уақытта температура 30-38 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа рауының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.