Оқиға • 12 Желтоқсан, 2020

Оралда тұрғын үйдегі өрттен екі адам көз жұмды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға И.Куличев көшесіндегі тұрғын үйде болғанын мәлімдейді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оралда тұрғын үйдегі өрттен екі адам көз жұмды

Жедел жәрдем 11 желтоқсан күні сағат 23.20-да шақырылып, үш бригада жұмыс істеді. Өрт салдарынан 8 жасар ер бала мен 67 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Жеңіл дәрежеде газдан уланған 4 жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Жеңіл дәрежеде газдан уланып, жарақат алған 43 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

БҚО ТЖ департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Әнестің нақтылауынша, И.Куличев көшесі 13-мекенжайында өрт болып жатқаны жөнінде сағат 23:17-де хабар түскен.

Аумағы 80 шаршы метрді қамтыған өрт кезінде тұрғын үйдің төбе жабындысы, жеке заттар мен жиһаз жанып кетті. Өрт сөндіру қызметі келгенше, сол маңнан өтіп бара жатқан азамат газдан ауыр және жеңіл дәрежеде уланған екі адамды (біреуі – бала) құтқарды.

Олар ауруханаға жатқызылды. Өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнынан 27 литрлік газ баллоны шығарылды. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 14 адам, 5 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Несие қарызы кешіріле ме...

Қоғам • Бүгін, 13:33

Алматыда монша отқа оранды

Оқиға • Бүгін, 12:35

Мектептерге автобустар берілді

Аймақтар • Бүгін, 11:10

16 мың тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Аула күтімі – аймақ күтімі

«Таза Қазақстан» • Кеше

Елдік акцияның өнегесі

«Таза Қазақстан» • Кеше

Мемлекеттік маңызды іс

«Таза Қазақстан» • Кеше

ҰБТ үздіктері

Білім • Кеше