Қоғам • 30 Қазан, 2020

Қазсушар кәсіпорнында комплаенс қызметі іске қосылады

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Қазсушар" РМК-де жемқорлыққа қарсы тұруға, жұмыстың ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануда. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін кәсіпорында ішкі бақылау қызметі іске қосылып, сенім телефон желісі құрылған (8-777-986-86-36). Сонымен бірге "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазсушар кәсіпорнында комплаенс қызметі іске қосылады

Қазақстанда комплаенс-қызметтерді дамыту және насихаттау жөніндегі Халықаралық онлайн-форумға қатысқан "Қазсушар" РМК бас директорының сөзінше, қазір жемқорлыққа қарсы шаралар саласы кеңейіп, жаңа тәсілдерді талап етуде. Еске салайық, ағымдағы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзетулер енгізген. Өзгеріс бойынша, квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтер құрылуы тиіс.

"Мемлекет басшысы комплаенс-қызметтерді құруға тапсырма берді. Оның функциясына қызмет барысының жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестігін ғана емес, жемқорлыққа қарсы стратегияны да, іс-шаралар жоспарының сәйкестігін де жан-жақты бақылау кіреді. Бір сөзбен айтқанда, тиімді комплаенс бақылау кәсіпорын қызметінің ашықтығын және оған деген сенімді қатынасты қамтамасыз ете алады. Бізде сонымен бірге қазан айында Нұр-Сұлтан қаласының Жемқорлыққа қарсы қызметімен кездесу өтіп, орталық аппарат пен өндірістік филиалдардың қызметкерлері жемқорлықпен күрестің жаңа әдістері туралы ақпарат алған", - деді Арман Қасенов.

Оның сөзінше, ішкі бақылау қызметіне комплаенс-функцияларының берілуі корпоративтік әдептің ажырамас бөлігіне айналады.

"Азаматтар бізге тікелей жүгіне алуы үшін сенім телефонын іске қостық, ол аптасына 7 күн тәулік бойы жұмыс істейді. Оған біздің қызметімізге қатысты кез келген сұрақпен, сонымен бірге жемқорлық фактілері бойынша да хабарласуға болады", - деп атап өтті "Қазсушар" РМК бас директоры.

Айта кетейік, Қазақстанда комплаенс-қызметтерді дамыту және насихаттау жөніндегі Халықаралық онлайн-форумға Қазақстанның және Ресей, Украина, Израиль, АҚШ-тың халықаралық сарапшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50