Елорда • 29 Қазан, 2020

Бақылаушылар ірі сауда орталықтарын тексерді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау басқармасы, жергілікті полиция қызметі және Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері кезекті рейдке шықты. Бұл жолы бақылаушылар ірі сауда орталықтарын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бақылаушылар ірі сауда орталықтарын тексерді

"28 қазанда мобильді топ мүшелері үш сауда ойын-сауық орталығын – "Азия Парк" СОО, "Хан Шатыр" СОО, Mega SilkWay СОО және Мәңгілік Ел даңғылы, 17 үйде орналасқан Korkem Centre сауда үйін тексерді. "Хан Шатыр"СОО-да бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, Sterling Silver бижутерия дүкені мен Tudors Ерлер киімі дүкенінде сатушы-кеңесшілер маска тағу режимін бұзды", деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігінде.

Басқа СҮ және фитнес-орталықтарда ескертулер болған жоқ. Сонымен қатар, тексерушілер заңсыздықтардың басым бөлігі кешкі уақытта болатынын атап өтті. Көптеген ойын-сауық орындары жұмыс кестесін бұзады және белгіленген уақыттан кейін ашылады.

"Нұр-Сұлтанда карантин басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін 1600-ге жуық рапорт пен 746 хаттама жасалды. 166 миллион әкімшілік айыппұл салынды", деп түсіндірді Есіл ауданы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Арман Құрбанов.

Жауапты тұлғалар тағы да сауда орталықтарының қызметкерлерін, ойын-сауық орындарының келушілері мен иелерін санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Бұдан олардың әрі қарай жұмысты жалғастыратыны немесе тоқтатылатыны белгілі болады.