Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Президентінің Жарлығымен Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды

“Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, еліміздің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін және ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай Алматы облысы Полиция департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталды”,-деп атап өтті генерал-майор Серік Күдебаев.

Мерейтойлық медальмен Алматы облысы Полиция департаментінің  үздік қызметкерлері марапатталды:

– Полиция департаменті бастығының орынбасары Мендебаев Данияр Әзілханұлы;

– Полиция департаменті Штабының бастығы Теряева Людмила Юрьевна;

– Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұхамедов Қазбек Әділбекұлы;

–  Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Кан Лариса Геннадьевна; 

– Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары.Чарапиев Руслан Туратбекович.

“Бүгін тәжірибелі полицейлер Президент Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың марапаттарына ие болды. Енді қызметкерлердің мундирі тағы бір “Қазақстан Конституциясына 25 жыл” мерейтойлық медалімен толықты. Бұл біздің кәсіпқой қызметкерлеріміздің алдына жаңа міндеттер қояды және жас буын полицейлерді ынталандырады“, деп толықтырды генерал Күдебаев.