Саясат • 01 Қазан, 2020

Словения Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қазақстан Елшісі Қайрат Сарыбай Словенияның қазіргі және бұрынғы басшылығымен, сондай-ақ елдің саяси, экономикалық және мәдени топтарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ сілтеме жасап.

Словения Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың соңғы кезеңдегі басты жетістіктері талқыланды. Атап айтқанда, парламентаралық достық топтарының құрылуы, Қазақстанның Словенияда екі Құрметті консулдығының ашылуы, қосарлы салық салудан босату Конвенциясының жүзеге асырылуы, екіжақты сауда айналымының өсуі, "Қазақстан-Словен Бизнес Клубы" мен Art Embassy қазақ өнер елшілігінің ашылуы, сондай-ақ Югославия партизандары қатарында ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгері "Кассе Себеро" оқиғасының екі халық арасындағы достық қарым-қатынастарға оң әсері туралы сөз болды.

Словения Республикасының Президенті Борут Пахор Қазақстанның Словения үшін маңызды серіктес екенін атап өтіп, Ұлы Дала елімен ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі екенін білдірді.

Словенияның бұрыңғы Президенті Данило Тюрк Қазақстан-Словения қатынастарының дамуына Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі үлес қосқанын және оның халықаралық бастамаларын атап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен орнаған ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Қ.Сарыбай Словения басшылығы мен экономикалық және мәдени топтарын Президент Қ.Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Қазақстан халқына жолдауының негізгі басымдықтарымен таныстырды. 

Словения Президенті Б.Пахор, бұрыңғы Президенті Д.Тюрк, Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Т.Кайзер қазақ дипломатының екіжақты қатынастарды ілгерілетудегі зор еңбегі мен ауқымды жетістіктері  үшін алғыстарын білдірді.