Әлем • 22 Қыркүйек, 2020

Түркия өзінің алғашқы "ұшатын көлігін" сынақтан сәтті өткізді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Baykar Defense компаниясы Cezeri-дің "ұшатын көлігін" алғашқы сынақтардан сәтті өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркия өзінің алғашқы "ұшатын көлігін" сынақтан сәтті өткізді

Тікұшақтың сыртқы бөлігі алып дронға ұқсайды. Көліктің 230 келі болатын түпнұсқасы әуеде 10 метр биіктікке көтерілді. Жуырда компания өкілдері түпнұсқалардың бірнеше түрін құрастыратынын және бортта адаммен бірге ұшыратынын хабарлады.

Болжамдарға сәйкес "ұшатын көлікті" сағатына 100 шақырымға дейінгі жылдамдықпен дамыта отырып, 2000 метрге дейін биіктікке көтеріле алатындай етіп құрастырады. Алайда нарыққа шығару үшін тағы 10-15 жыл қажет болады.

Сондай-ақ "ұшатын көлікке" XII ғасырдың әйгілі мұсылман инженері және эрудиті Исмаил әл-Джазаридің (Ismail al-Jazari) есімі берілген.