Бизнес • 22 Қыркүйек, 2020

Алматыда кәсіпкерлер санитарлық талаптарды сақтауы тиіс

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты алматылық кәсіпкерлерді санитарлық талаптарды сақтауды күшейтуге шақырады. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz 

Алматыда кәсіпкерлер санитарлық талаптарды сақтауы тиіс

"Қазір біздің алдымызды өте маңызды мәселе тұр – бұл пандемияның екінші толқынының басталуы. Біз Батыс Еуропаның, тұтастай алғанда көптеген елдердің осы құбылыспен тап болған жағдайды көріп отырмыз. Қазақстандағы, оның ішінде Алматыдағы статистикаға сәйкес, коронавирус инфекциясының статистикасы тұрақты. Осыны сақтау үшін сақтық шараларын күшейту қажет", деді Н.Әбілшайықов.

Н.Әбілшайықов коронавирус инфекциясының жағдайының тұрақтылығына қарамастан, алдын алу шараларын сақтауға тиісті назар аудару өте маңызды екенін атап өтті.

"Барлық қарапайым ережелерді сақтау маңызды (әлеуметтік қашықтық, маска режимі және т. б.). Осылайша, біз карантин шараларын енгізуді кейінге шегеруіміз мүмкін. Осы шараларды сақтай отырып, кәсіпкерлер өз қызметін одан әрі жалғастыра алады. Пандемияның екінші толқыны басталған кезде кәсіпорындарды толық карантинге жабу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Осыған байланысты мен кәсіпкерлерді сақтық шараларын сақтауға шақырамын", деді ол. Кәсіпкерлерді жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтауға шақырды.