Саясат • 03 Қыркүйек, 2020

СІМ басшысы Иранның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

СІМ басшысы Иранның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.

Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.