Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Павлодар көлікжайындағы өрттен ер адам жарақаттанды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт сөндірушілер келгенге дейін жедел жәрдем бригадасы көлікжай иесін ауруханаға алып кетті. Бұл туралы Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Павлодар көлікжайындағы өрттен ер адам жарақаттанды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте орталық өнеркәсіптік аймақта орналасқан "Литейщик" кооперативтік қоғамындағы автокөлік гаражындағы өрт туралы хабарлама "101" пультіне кеше сағат 15:25-те келіп түскен.

– Бетоннан тұрғызылған гараждың ішінде он алты шаршы метр аумақта қолданыста болған төрт автошина мен ағаш сөрелер жанып кетті. 1978 жылы туған ер адам №1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне үшінші дәрежелі күйік диагнозымен жеткізілді. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Оқиға орнында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің сарбаздары сыйымдылығы алпыс литр жанар-жағар май құйылған канистраны эвакуациялады, – дейді департаментте.

Тілсіз жау сағат 16:00-де ауыздықтап, алты минуттан кейін толығымен сөндірілді. ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тоғыз қызметкері мен екі автоцистерна жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта өрттің себептері мен келтірілген шығын анықталып жатыр.