Әлем • 13 Тамыз, 2020

Қытайда мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус табылды

1669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вирус 12-13 тамызда Оңтүстік Америкадан, соның ішінде Бразилия мен Эквадордан әкелінген өнімдерден табылды деп хабарлайды Egemen.kz

Қытайда мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус табылды

Қазіргі таңда құс еті Қытайдың бірнеше провинцияларына жеткізіліп қойған.

Шілде айының басынан бастап Қытайдың жеті қаласы мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирустың анықталғаны туралы хабарлады. Аспан асты елінің кейбір денсаулық сақтау мамандары, мұның себебі COVID-19 эпидемиясы көптеген елде әлі де басыла қоймағанын түсіндірді.

Ал сарапшылардың пікірінше, өнімдер әдетте төмен температурада сақталатындықтан, вирустың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, Бразилия елінде пандемияның ауыр салдары бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.