"Батпалдап кіріп, мысқылдап шығып жатқан індет іргемізден әлі кете қойған жоқ. Денминнің дегенін орындап, вирустың таралу өсімін тоқтаттық. Дегенмен, күрестің күші бәсеңдемейді. Түбі бір тілекшіміз Түрік ағайындар да білгенімен бөлісуге дайын. Вирусқа қарсы «соғыстағы» басты жауынгер Алексей Цой Анкараға арнайы барып келді. Ауруханасын аралап, дәрігерлердің озық әдістемелерін сұрады. Қолданыстағы ресурсты тиімді қолдану бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде қазақстандық делегациясына бастап барған Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Түрік тарапына еліміздегі қабылданған шаралар туралы баяндап берді. Жаһан жұртшылығының төбе шашын тік тұрғызған індетпен күресте одан әрі бірлесіп әрекет етуге шақырды. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек пен науқастарды емдеуге қажетті жабдықтар өндірісі бойынша әріптестік орнатуға уағдаласты. Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахритин Кожа қазақ делегациясының барлық ұсынысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Ералы Тоғжанов пен Алексей Цойдың Түркия Республикасына сапары нақты нәтижемен қорытындыланды", делінген хабарламада.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 19:21
Қазақстанда алғаш рет жеке меншік этнографиялық музей ашылды
Музей • Бүгін, 17:43
ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 16:16
Құлсарыда үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төлене бастады
Қоғам • Бүгін, 14:35
Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін сотталды
Қоғам • Бүгін, 13:42
Мәулен Әшімбаев «Run for autism» қайырымдылық жарысына қатысты
Парламент • Бүгін, 12:57