Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Ордабасы ауданында 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Ордабасы аудандық орталық аурухана жанынан 100 адамға шақталған провизорлық орталық дайындалуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ордабасы ауданында 100 адамдық провизорлық орталық дайындалуда

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға берілмек. 

Сонымен қатар, аудандағы Темірлан елді мекенінде "Арбат" аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер мекеме – "АРТ Құрылыс" ЖШС-і. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толық аяқталмақ. Ал Темірландағы 600 орындық жаңа мектеп жаңа оқу жылына орай есігін ашады. Аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, биыл пайдалануға берілген нысанның бірі – "Орталық саябақ". Абаттандыру жұмыстары жүрген, жалпы аумағы 5 гектар саябақта Даңқ мемориалы, ауданның құрметті азаматтарының аллеясы, ботаникалық бақ пен спорттық алаңшалар орналасқан.