Медицина • 21 Шілде, 2020

Қызылорда облысына 9 оттегі концентраторы жеткізілді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысына  9 дана оттегі концентраторы жеткізілді. Бұл аппараттардың қаржысы белгілі блогер Дәулет Мұқаев, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, сондай-ақ Қазалы ауданының тумасы, қоғам белсендісі Эльмира Ешниязованың әлеуметтік желідегі оқырмандары тарапынан жиналған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысына 9 оттегі концентраторы жеткізілді

Жалпы бүгінгі күнге дейін Түркия елінен Қазақстанға осы азаматтардың ұйымдастыруымен 125 оттегі концентраторы жеткізілген.

Осы құрылғылардың барлығы "Атамекен" ҰКП қолдауымен PONY_EXPRESS_KZ логистикалық компаниясы және SCAT әуекомпаниясы арқылы еліміздің барлық өңірлеріне жолданды, соның ішінде Қызылорда облысына 9 данасы әкелініп отыр.

Оттегі аппараттарын Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов қоғамдық бақылау мүшелері мен жоғарыда аталған азаматтардың өкілдеріне табыстады. Оған қатысқан Эльмира Ешниязова қайырымдылық шарасына үлес қосқан әр азаматқа алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15