Қоғам • 21 Шілде, 2020

"Баспана Хит" үй алушыларға пайызын төмендетті

1310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Баспана Хит" ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11,25%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қоры хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

"Баспана Хит" үй алушыларға пайызын төмендетті

Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) базалық мөлшерлемені 9,5%-дан 9%-ға дейін төмендету бойынша шешімін жариялады.

"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне байланысты болатынын (ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі +1,75%) еске саламыз.

Бұл бағдарлама бойынша мөлшерлеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа қарыз алушыларға ғана қатысты болады.

"Баспана Хит" бағдарламасының талаптарына сәйкес 300 млрд теңгеге қарыз беру жоспарланып отыр, бүгінгі таңда оның 224 млрд теңгесі игерілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше