Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Алматы қаласы әскери госпиталінің азаматтық персоналының жекелеген өкілдерінің эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін оларға ай сайынғы үстемеақы төлеуге қатысты фактісі бойынша Қорғаныс министрлігі өз ұстанымын білдірді. Қорғаныс ведомствосы қолданыстағы заңнамада көзделген барлық міндеттемелерді орындап, инфекциямен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу мәселесін шешумен айналысады. Бұл мәселе Қорғаныс министрінің қатаң бақылауында. Мәселені шешу және нормативтік-құқықтық базаны өзгерту Қорғаныс министрлігіне ғана байланысты емес. Сондай-ақ оның орындалуы белгілі бір уақытты талап етеді. Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 4 сәуіріндегі "COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына толықтырулар енгізу құзыретті мемлекеттік органдармен пысықталуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында Қорғаныс министрлігі Денсаулық сақтау министрлігіне толықтырулар енгізу жөнінде және Қаржы министрлігіне коронавирусқа қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін қаржылық қолдауға қажетті ақшалай қаражаттың қажеттілігін есептеу жөнінде тиісті ұсыныстар жіберді. Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қаржы министрлігінен министрдің міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған 16.07.2020 ж. шығ.№ 23-12/2233 хатындағы жауабы алынды. Онда Қарулы Күштердің медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу қарастырылмағандығы айтылған. Өйткені олар "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі" туралы ҚР Заңына сәйкес лайықты ақшалай үлеспен тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етілген және оларға қолданылатын барлық көзделген жеңілдіктер бар екендігі айтылған. Алынған жауапқа қарамастан, Қорғаныс министрлігі осы мәселені шешу бойынша жұмысты жалғастырады. Өйткені әскери медицина қызметкерлері өздерінің азаматтық әріптестерімен осындай күрделі және қауіпті жағдайларда қазақстандықтардың өмірі үшін тең жағдайда күресуде. Оларды қаржылық қолдау мәселелерінде бөлуді бүкіл ел қауіп-қатермен күресте топтасқан кезде әділетсіз деп санаймыз. Біз бұл мәселе жоғары деңгейде оң шешімін табады деген сенім мол. Қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін әскери мекемелердің медицина мамандарына үстемеақы төленеді.
Қорғаныс министрлігі коронавируспен күреске тартылған әскери медицина қызметкерлерін материалдық қолдау мәселесін шешуде.
Коронавирус инфекциясы таралған алғашқы күннен бастап пандемиямен күреске Қарулы күштердің әскери-медициналық қызметі белсенді қатысуда, - деп хабарлайды Egemen.kz
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Алматы қаласы әскери госпиталінің азаматтық персоналының жекелеген өкілдерінің эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін оларға ай сайынғы үстемеақы төлеуге қатысты фактісі бойынша Қорғаныс министрлігі өз ұстанымын білдірді. Қорғаныс ведомствосы қолданыстағы заңнамада көзделген барлық міндеттемелерді орындап, инфекциямен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу мәселесін шешумен айналысады. Бұл мәселе Қорғаныс министрінің қатаң бақылауында. Мәселені шешу және нормативтік-құқықтық базаны өзгерту Қорғаныс министрлігіне ғана байланысты емес. Сондай-ақ оның орындалуы белгілі бір уақытты талап етеді. Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 4 сәуіріндегі "COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына толықтырулар енгізу құзыретті мемлекеттік органдармен пысықталуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында Қорғаныс министрлігі Денсаулық сақтау министрлігіне толықтырулар енгізу жөнінде және Қаржы министрлігіне коронавирусқа қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін қаржылық қолдауға қажетті ақшалай қаражаттың қажеттілігін есептеу жөнінде тиісті ұсыныстар жіберді. Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қаржы министрлігінен министрдің міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған 16.07.2020 ж. шығ.№ 23-12/2233 хатындағы жауабы алынды. Онда Қарулы Күштердің медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу қарастырылмағандығы айтылған. Өйткені олар "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі" туралы ҚР Заңына сәйкес лайықты ақшалай үлеспен тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етілген және оларға қолданылатын барлық көзделген жеңілдіктер бар екендігі айтылған. Алынған жауапқа қарамастан, Қорғаныс министрлігі осы мәселені шешу бойынша жұмысты жалғастырады. Өйткені әскери медицина қызметкерлері өздерінің азаматтық әріптестерімен осындай күрделі және қауіпті жағдайларда қазақстандықтардың өмірі үшін тең жағдайда күресуде. Оларды қаржылық қолдау мәселелерінде бөлуді бүкіл ел қауіп-қатермен күресте топтасқан кезде әділетсіз деп санаймыз. Біз бұл мәселе жоғары деңгейде оң шешімін табады деген сенім мол. Қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін әскери мекемелердің медицина мамандарына үстемеақы төленеді.
Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 14:06
Жаңаарқада Ұлттық ұлан батырын еске алуға арналған турнир аяқталды
Бокс • Бүгін, 13:13
ҚазҰУ-да коммуникация технологиясын дамыту зертханасы ашылды
Университет • Бүгін, 12:34
Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді
Университет • Бүгін, 11:45
Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты
Аймақтар • Бүгін, 11:16
«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55