Қоғам • 17 Шілде, 2020

Бүгін 42 500 теңгеге өтініш беру басталады

1100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұқтаж жандарға төленетін 42 500 теңгеге бүгіннен бас­тап өтінім қабылданады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін 42 500 теңгеге өтініш беру басталады

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, әлеуметтік төлем алуға өтінішті 42500.enbek.kz порталы, eGov электрон үкімет порталы, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар Telegram-бот арқылы бере алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі азаматтардан бір рет қана өтініш беруді сұрады.

"Порталға өтінішті бір рет қана берсеңіздер, оны 2-3 рет бермеуді сұраймыз және әр порталға бір-бір өтініш тастамаңыздар, оның қажеті жоқ. Бәрібір екінші өтініш өтпейді. Мұндай әрекеттер порталдарға салмақ салуы мүмкін және басқа азаматтардың өтініш беруіне кедергі болады. Өткен жолы 18 миллион өтініш келіп, порталдарға салмақ түскен еді. Сондықтан өтінішті бір рет қана тастаңыздар, қабылданды деп хабарлама келеді. Статусыңызды ары қарай 42500.enbek.kz-тен тексеріп отырасыз", – деді Біржан Нұрымбетов.

Министр азаматтардың өтініш беру мерзіміне қатысты шектеу жоқ екенін айтты.

"Бұл төлем шілде айына арналады. Бірақ өтінішті 1 қыркүйекке дейін қабылдай береміз, порталдар жабылмайды", – деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше